Мектеп бітіру кешін кең ауқымда тойлауды қолдайсыз ба?

Мектеп бітіру кешін кең ауқымда тойлауды қолдайсыз ба әлде оған қарсысыз ба?

Арна тілшілері тұрғындарға осы сұрақты қойып, сауалнама жүргізген еді.

- 11-ді бітіріп жатқан балаларға жалпы ондай үлкен машиналарды, техника жалдап, ол қауіпті ғой. Ол кезде балалар эмоцияға беріліп, артық нәрсе жасап жібереді. Сол себепті ондайды керек жоқ деп ойлаймын. 

- 9-сынып бітіргенде өткізе алмадым. Өйткені сыныптастармен қатты араласқан жоқпын. Негізі өткізу керек. 

- Кейбірінің ата-анасы жағдайы жетпесе де баласының көңілін қимай, кредит алуы мүмкін. Негізі оны кең ауқымда емес, отбасының маңайында өткізуге болады, шағын адам санымен өткізуге болады. Ал кортеж жалдап, ондайға қарсымын.