Қазақстандық оқушылар экономикадан халықаралық олимпиадада 5 медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар әлемдік зияткерлік сайыста тағы да топ жарды! 12-20 шілде аралығында Экономикадан өткен халықаралық олимпиададан жерлестеріміз бес бірдей медальды қанжығаға байлады.

Тартысты бәсеке Қытайдың Сучжоу қаласында өтіп, онда әлемнің 60-тан астам елінен 300-ге жуық жоғары сынып оқушылары бақ сынасқан. Жарыстың қиындығына қарамастан, ұлттық құрама бір алтын, бір қола және 3 күміс медальды иеленді.