Ғылымға бөлінген қаржы үш есе артты
Үш жылдың ішінде ғылым-білімге бөлінген қаржы көлемі үш есе артты.
Мәселен, ғылыми жұмыстарға 2023 жылы қазынадан 121 млрд теңге қаралса, биыл бұл көрсеткіш 260 млрд теңгеге жетті. Осылайша материалдық-техникалық базаны жаңартуға, отандық технологияларды өндіріске енгізуге мүмкіндік туып отыр. Сондай-ақ жыл санап ғылыми қызметкерлердің де қатары артып, былтыр олардың саны 28 мыңнан асты. Дені жастар. Бұл ғылымға жаңа буын зерттеушілердің келіп жатқанын және қазақстандық ғылымды одан әрі дамыту үшін тұрақты кадрлық резервтің қалыптасқанын көрсетеді.
2023 жылы – ₸121,5 млрд
2026 жылы – ₸260 млрд
Ғылыми қызметкер – 28 374