Жолдау-2026: қазіргі заманның басты қуаты білім мен ғылымда

Жастардың қабілетін ашып, өздерін танытуға жағдай жасалуы тиіс.

Құрылтай депутаттары мен министрлік өкілдері алматылық студенттермен жүздесіп Президент Жолдауын талқылады. Кездесу Алматыдағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде өтті. Студенттер жұмысқа орналасу, алғашқы кәсіби тәжіририбе жинақтау және өздерін қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарлама жайлы сұрақ қойды. Оған қоса жиында цифрландыру, ғылым мен жасанды интеллектіні дамыту жайы қаралды. 

Айжан Сқақова, ҚР Құрылтайының депутаты:

- Біз ғылыми зерттеулер жүргізген кезде  әсіресе су ресурстарында жастардың әлеуеті мен көмегіне зәруміз. Сондықтан бұл бағытта белсенді болып, тынбай  еңбек етуге дайын болған жөн. Өз уақытың мен күш-жігеріңді арнап, үнемі ізденіп, білім алып, біліктілігіңді арттыруға ұмтылу керек. Онсыз алға жылжу мүмкін емес.  Барлық мәселенің шешімін мемлекет шешеді деп, күте алмаймыз.

Сондай-ақ оқыңыз: