Білім жүйесін дамытатын заманауи тәсілдер
Президент білім жүйесін дамытуға арналған заманауи тәсілдермен танысты. Қасым-Жомарт Тоқаев «Білім болашағы» көрмесін аралап көрді.
Мемлекет басшысына «Талдау орталығының» жұмысы және жасанды интеллектіні пайдаланатын талдау құралдары көрсетілді. Атап айтқанда, мұғалімнің сабаққа әзірленуіне көмектесетін WONK педагогтің АІ-ассистенті таныстырылды. Содан кейін Qalam AI, Beyim AI, TopIQ және E-OQULYQ цифрлық шешімдері қолданылатын 3 сыныптағы математика сабағының үзіндісі көрсетілді. Бұдан бөлек, Президент заманауи балалар басылымдарымен, соның ішінде әлем әдебиетінің қазақ тіліндегі аудармасы және ғылым, инженерия, робот техникасы мен инновация саласындағы оқушылар жетістіктерімен танысты.