Елордада 33 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барды

Астанада 33 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барды. Жалпы биыл елордадағы 206 мектепте 337 мыңнан астам оқушы білім алады.

Ал №13, №41, №72, №73, №79, №82 және №86 мектептер жанынан жеті қосымша оқу ғимараты, сондай-ақ екі мектеп ашылды. Қосымша ғимараттар мектептердегі жүктемені азайтуға сеп. Соңғы жылдары Астанада 100 мыңнан астам оқушыға арналған 44 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оның 23-і «Келешек мектептері» жобасы аясын1 сыныпда салынған. Барлық білім беру нысаны алдағы жылу беру маусымына дайындалып, тиісті дайындық паспорттарын алды. Мемлекеттік мектептердің бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік осал санаттағы балалар тегін ыстық тамақпен толық қамтылды. Биыл мектептерде жаңартылған ас мәзірі енгізіліп, тамақтану сапасын бақылау жұмысы қоғам өкілдері мен сарапшыларды тарта отырып күшейтілді.

Сондай-ақ оқыңыз: