Ғылыми зерттеу жүргізу нәтижені идеядан өндіріске дейін жеткізуді қамтиды
Елде ғылыми зерттеулерді жүргізу мен бағалаудың жаңа тәртібі енгізіледі.
1 қазаннан бастап күшіне енетін ұлттық стандарт зерттеу нәтижесін идеядан өндіріске дейінгі жолын қамтиды. Ең маңызды өзгерістердің бірі - әдістеме талаптары сақталған жағдайда, теріс нәтиже көрсеткен зерттеу де ғылыми еңбек ретінде танылады. Жаңа талаптар ғылыми зерттеулерді цифрландыруға да басымдық береді. Құжатта жасанды интеллектпен қатар зерттелетін нысандар мен процестердің цифрлық үлгілерін қолдануға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар ғылыми деректердің ашықтығы мен қайта қолданылуын қамтамасыз ететін халықаралық қағидаттар сақталады.