Транспорт және логистика. Жүрдек пойыздарды сапарға дайындау

2012 жылы отандық шойын жолға алғаш рет «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған пойыз құрамы шықты. Жолаушылар тасымалдайтын жаңа вагондарды өндіру жобасы сапалы қызметпен қатар, діттеген жерге жедел жетуді мақсат етті. Бүгінгі таңда елімізде облыс орталықтарын байланыстыратын осындай 12 жүрдек бағдар бар. Ал 2020 жылға дейін тағы 8 бағдар «Тұлпар-Тальго» пойыздарымен жаңартылмақ. Испандық әріптестермен бірігіп жасалған вагондар техникалық тұрғыдан озық үлгілердің бірі болса да әрбір сапарға шығарда мұқият тексеруден өтеді. Ол жұмыс қалай жүзеге асырылады?