Абайлаңыз, импорт! Қауіпсіз электр құрылғыларын бірге таңдайық

aifat.com

Бүгінде дүкен сөрелерінде сатылатын электр құрылғыларының түрлері көп. Сапасы да әр түрлі. Оларды мұқият қарап алмасаңыз жасандысына тап болуыңыз мүмкін. Себебі нарықта белгілі бренд тауар үлгілерінің көшірмелері өте көп болады дейді мамандар. Жарықты сөндіріп-жағушы құралдар, электр сымдарын байланыстыратын розеткаларды таңдау ісіне бей-жай қарауға болмайды. Өйткені олардың сапасына пәтеріңіздің өрт қауіпсіздігі де байланысты. Ол жайлы мамандар сізге қандай кеңес береді?