Павлодарда оқушылар тұрмыстық қоқыс мәселеcін шешу жолдарын іздестірді

Павлодарда оқушылар тұрмыстық қоқыс мәселеcін шешу жолдарын іздестірді

Қалалық білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен бірге «Жас экорепортер» қалалық байқауын өткізді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz

Білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова атап өткендей, байқауға қаладағы сегіз мектептен 15 оқушы қатысты. 

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды №35 мектептің 11-сынып оқушысы Жұлдыз Жаменкина ұтып алды. Ол «Павлодар қаласындағы тұрмыстық қоқыс-қалдықтар мәселесін шешу жолдары» бейнеролигін ұсынып, өз репортажында Павлодардағы тұрмыстық қалдықтар мәселесін көтерді. Жұлдыз осы өзекті тақырып бойынша жұмысын жалғастырып, оны шешу жолдарын іздеуге ниет білдірді. 

Байқаудың екінші және үшінші орындарын сәйкесінше №20 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Данила Рыбин, №21 мектептің 9-сынып оқушысы Даяна Сәрсенова және 10-сынып оқушысы Ділназ Ибраева иеленді. 

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен марапатталды, барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарына ие болды.