Қарағанды облысында 20 кезекші сынып карантинге жабылды

Қарағанды облысында вирустың таралуына байланысты 6 мектеп пен 20 кезекші сынып карантинге жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқушылар жұқпалы инфекцияны сабақтан тыс уақытта жұқтырған көрінеді. Мұғалімдер де індетке шалдыққаны анықталды. Қарағанды қаласындағы №53 мектептің үш мұғалімі ковидпен ауырып қалған. Қазір олар ем қабылдап жатыр. Білім ошағы 26 қаңтарға дейін қашықтан жұмыс істейді. Өңірде қазір 6 мектеп карантинге жабылған. Олардың барлығында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Науқастармен байланыста болғандар анықталады. Қарағанды облысы 18 қаңтардан бастап «сары» аймаққа кірген. Соңғы тәулікте 75 адамның тапсырған ПТР сынамасынан вирус табылды.