Қазақстанда ерекше балаларды оқытатын мұғалімдерге талап күшейеді

Қазақстанда ерекше балаларды оқытатын мұғалімдерге талап күшейеді

Бүгін Мәжілісте еліміздегі ерекше білім беруді қажет ететін балалар мәселесі талқыланды.

Қазір елімізде олардың саны 162 мыңнан асады Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекова мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстанда бұл мәселе қолға алынғанымен, заңға бірқатар өзгеріс енгізу қажет. Депутаттардың бастамасымен әзірленген құжатта оқытушыларға қойылатын талап күшейтіліп, олардың жұмысын бағалау жүйесін енгізу қарастырылған. Мұндай мектепке түсетін балалар психологиялық-медициналық сынақтан өтпейтін болады. Сондай-ақ заң жобасы оқу жоспарлары мен бағдарламаларын заман талабына сай өзгертуге мүмкіндік береді. Құжат балаларды психологиялық тұрғыдан қолдап, оларды мектеп аясында барлық қажетті дүниемен қамтамасыз етуге бағытталған. Жобада ерекше балаларды оқытатын ұйымдарға ақша бөлу мәселесі де қозғалды. Олардың түріне қарамастан қаржыландырудың бірыңғай тәсілін енгізу жоспарда бар. «Мұндай шешім бюджеттің жүктемесін азайтады», - деді депутат Омарбекова.