427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мектептегі еденді мақтамен бітеу сәтін интернетке шығарған мұғалімге қысым көрсетілген

  • 272
  • UPD: 21:14, 21.05.2021

Атырау қаласындағы мектепте еденнің саңылауын мақтамен бітеп жатқан мұғалімнің суреті әлеуметтік желіде тарағаны белгілі. Енді осы жайтқа қатысты қазір тексеру жүріп жатыр. 

Бұл мұнайлы шаһардағы Мақаш Бекмұхамбетов атындағы орта мектепте болған жағдай. Білім ошағына былтыр ғана күрделі жөндеу жүргізілген екен. Бірақ жұмыс сапасы сын көтермейді. Ал әлеуметтік желіде мектеп мұғалімі Райса Жұмабаеваға қысым көрсетіліп жатқаны айтылған болатын. Бұл мәселені облыстық білім басқармасы қадағалауға алған.

Райса Жұмабаева, М. Бекмұхамбетов атындағы орта мектеп мұғалімі:

- Бүгін жергілікті білім басқармасынан басшылар келіп, мән-жайды білді. Олар құзырлы органдар жүргізіп жатқан тексеріс мүмкіндігінше объективті болады, сондай-ақ орнаған жағдайға байланысты нақты құқықтық баға беріледі деп сендірді. Мен әділдікке сенемін. Заңға сүйенемін. Шындық жерде қалмайды.

Хабар 24 телеарнасы