424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 40 мыңға жуық өтініш берілді

  • 130
  • UPD: 17:19, 19.07.2021
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 40 мыңға жуық өтініш берілді

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 40 мыңға жуық өтініш берілді.

Құжаттарды қабылдау 16 шілдеде басталып, 25 шілдеге дейін жалғасады. Құжаттарды рәсімдеу Egov электрондық үкімет порталы арқылы онлайн жүзеге асырылады.

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкерлерге мына құжаттар қажет:

жеке куәлік;

3х4 көлеміндегі электрондық цифрлық фото;

орта білім туралы аттестаттың көшірмесі;

техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін дипломның көшірмесі;

ТжКБ ұйымдарының түлектері үшін жұмыс өтілін растайтын құжаттар;

жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар, атап айтқанда:

I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар қатарындағы азаматтар;

жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдар;

ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар;

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар;

жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтар;

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасына қатысып жатқан ауыл жастары («Серпін»);

4 және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар;

мәртебесі кемінде үш жыл толық емес отбасылар қатарындағы балалар;

бала кезінен мүгедек балаларды, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар.

Егер талапкер «Алтын белгі» иегері болса немесе отансүйгіштік және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен марапатталса, онда ол басқа талапкерлермен балдары тең болған жағдайда басым құқыққа ие болады. Олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары да басым құқыққа ие. Өтініш берушінің мұндай жетістіктері ескерілуі үшін растайтын құжаттардың көшірмелерін де жүктеу қажет.

Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат болған кезде өтініш беруші халықаралық тіл сертификатының атауын, балын көрсетеді және электрондық сертификатты тіркейді.

Естеріңізге сала кетейік, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде медициналық анықтама талап етілмейді. Медициналық анықтаманы тамыз айында университетке қабылдау кезінде тапсыру қажет.

 

Хабар 24 телеарнасы