Елімізде мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі енгізіледі

Елімізде мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі енгізіледі

Жаңа оқу жылында мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі енгізіледі.

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тамыз конференциясының пленарлық сессиясында мәлімдеді. Жаңа модельді енгізу жаңа оқу жылынан басталады. Тиісті Үкімет қаулысы да қабылданды. Бұл үшін ойын арқылы оқыту қағидаты негізінде мемлекеттік стандарт әзірленіп, үлгілік оқу бағдарламалары қайта қаралып жатыр. Балаларды ерте дамыту институтын құру бойынша жұмыстар жүргізіліп, қыркүйек айында тәуелсіз ұлттық бағалау жүйесі енгізіледі. Сонымен қатар еліміздің бас ұстазы балабақша тәрбиешілерінің біліктілікті арттыру курстары қаралып жатқанын айтты.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Біз көбінесе сандық көрсеткіштерге мән беріп, балаларды қамтуға көңіл бөліп, ал сапа мен мазмұн бағытына тиісті деңгейде назар аударуға мүмкіндік болған емес. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 2021 жылы 98,1%-ке жеткеннен кейін сапа мен мазмұн мәселесіне назар аудару керек деп ойламын.