Геология саласына ғалымдар тартылады

Геология саласына ғалымдар тартылады

Ұлттық геология қызметі «бірыңғай терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді. Мемлекет басшысы құруды міндеттеген жаңа мекеме инвесторға Қазақстанның жер қойнауы жайында тың ақпарат береді.

Қазба байлыққа толы аумақтар үш өлшемді модельде көрсетіледі. Геология министрі Мағзұм Мырзағалиев алдағы уақытта бұл салаға көбірек ғалымдар тартылатынын айтты.

Еске салайық, Президент ұлттық геология қызметін ведомствоға бағынышты ұйым ретінде ашуды тапсырған еді. Жолдауда отандық кәсіпорындар шикізат тапшылығына тап болып, кей тауарларды сырттан тасымалдауға мәжбүр отырғаны айтылды. Бұл мекеме салада монополист болмауы керек. Тек кәсіпорындарға сервистік қызмет көрсетіп отырады. Жаңа мекеме қазақстандық инвесторларға бүкпесіз мәлімет ұсынып, шикізатты арзан бағада сатуы тиіс.