Қазақстан этностары ертегілерінің қазақ тіліндегі жинағы жарық көрді

Қазақстан этностары ертегілерінің қазақ тіліндегі жинағы жарық көрді
ҚР АҚДМ

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен балаларға арналған Қазақстан халқының ертегілер жинағы жарық көрді.

Еліміздің түрлі этностарының әдеби мұрасы ретінде «Қазақстан халқы ертегілері» кітабы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен бірге алғаш рет қазақ тілінде шығарылды.

«Жинаққа Қазақстанның кәріс, неміс, шешен-ингуш, еврей, грек, мордва, литва, поляк және т.б. 25 ірі этностарының 114 халық ертегілері енді. Кітаптың жалпы таралымы – 4 000 дана (әр бөлігі 2 000 данадан), екі томнан тұрады (4-7 және 8-11 жастағы балаларға арналған)», – делінген АҚДМ таратқан мәліметте.

Мақсатты аудиторияны және жинақ мазмұнының сәйкестігін анықтау үшін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында сараптама жүргізілді.

Кітаптар Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктеріне мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелеріне, сондай-ақ еліміздің кітапханаларына тарату үшін жіберіледі.