ҰБТ: дайындық тестілерінің құны арзандайды  

ҰБТ: дайындық тестілерінің құны арзандайды  

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезінде тестіні тапсыру құны екі есеге төмендейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады. Мұғалім біліктілігін бағалайтын дайындық сынақтары да арзандайды. Ведомство басшысы биыл ҰБТ кезінде қауіпсіздік шаралары да күшейтілгенін еске салды. Мәселен, енді оқушының жанында бір емес, екі камера орнатылады. Face ID жүйесі тест тапсыратын баланың орнына басқа адамның кіруіне жол бермейді. Өткен айда басталған сынақта 10 мың бала шектік балға қол жеткізе алмады. Тыйым салынған заттар әкелген 95 түлек сынаққа мүлдем жіберілмеді. Қатысушылардың 78 проценті қазақ тілінде, 21 орыс, ал қалғаны ағылшын тілінде тест тапсыруға өтініш берген.