Грантқа түсу үшін екі рет ҰБТ тапсыруға болады – ҚР БҒМ

Грантқа түсу үшін екі рет ҰБТ тапсыруға болады – ҚР БҒМ
Егемен Қазақстан

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биылғы түлектерді жақсы жаңалық күтіп тұрғанын мәлімдеді.

Енді түлектер жоғары оқу орнына грантқа түсу екі рет ҰБТ тапсыра алады.

«Instagram-да мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол», – деп жазды Аймағамбетов.