1200 ғалымның жалақысын көтеруге шешім қабылданды – Е.Тоғжанов

Елімізде 74 ғылыми орталықтағы 1200 ғалымның жалақысын көтеру мәселесі көтерілді,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жас ғалымдардың еңбегімен танысты. 9 ғылыми-техникалық бағдарлама Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті жанында жүзеге асырылып жатыр. Ондағы жобаларды қаржыландыру соңғы үш жылда 5 млрд теңгеден асқан. Үкімет басшысының орынбасары жас ғалымдарды төл мерекелерімен құттықтап, ауыл шаруашылығын дамыту ел экономикасының болашағы үшін маңызды екенін айтты. Кейінгі жылдары елімізде ғылымға көңіл бөлініп, айтарлықтай қаржы бағытталғанын атап өтті.

Ералы Тоғжанов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

– Ғалымдардың жалақыларын көбейтуге байланысты 74 ғылыми орталықтардың 1200 ғалымның жалақысын көтеруге шешімдер қабылданып жатыр. Онымен қатар 50%-ке шейін жас мамандарды тарту, қазір мына 37 процент деңгейінде, соны 50-ге жеткізетін болсақ, ол да бір үлкен жетістік болады ғой деп ойлаймыз. Агроуниверситеттің базасындағы біраз ғылыми зерртеулерді қарап шықтық, ол да үлкен болашақта мүмкіндіктер ғой деп ойлаймын.