Маңғыстау облысында үш ауысымды мектеп мәселесі шешілмей тұр

34-шағынауданда орналасқан мектепте бала лық толы. 1 300 оқушыға арналған  білім ордасында 3500 бала оқып жатыр . Яғни, екі есе артық- дейді білім беру ұйымының басшысы. Қазіргі кейбір сабақ қашықтан оқытылады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Мадина Әбдиева, №19 мектеп-гимназияның директоры:

Дене тәрбиесі кейбір сағаттары, өзін-өзі тану пәндері кейбір сыныптарда, технология пәндері кейбір сыныптарда қашықтықтан оқытылады. Мұғалімдердің сағатына, жалақысына әсер етпейді. Сағат таңертең 8.00-де басталады 1-ауысым, сағат 11.30-да аяқталалды, 2-ауысым 11.45-те басталады және 2.30-ға дейін созылады, 3-ауысым, 3.30-да басталып, кешкі 6.30-ға дейін созылады. Үш ауысымда осылай жұмыс жасап келеміз. 

Биыл мектепке 1-сыныпқа қабылдауға 250 өтініш түскен. Бұл былтырғыдан артты,дейді директор. Тіпті, алыс шағынауданнан да сұраныс бар.  Анар Сүлейменованың ұлы мен қызы осында білім алып жүр.  Қатынау қиындық тудыратынын айтады.

Анар Сүлейменова, Ақтау қаласының тұрғыны:

Осы 19-шағынаудан жақта Әбіш Кекілбаев жақтан қатынаймыз. Сол рядта тұрамыз. Өзіме қиын болмаса да балаға қиын, жаяу қатынайды, пока автобус жоқ. Қыстың кезінде де сондай, амал жоқ. Автобус беріледі деп жатыр. 

Ал, білім басқармасы өкілдерінің айтуынша, мәселенің өзекті күйінде қалуына демографиялық өсім мен халық санының артуы себеп. Өткен жылмен салыстырғанда оқушы саны 6 мыңға көбейген.

Сондықтан тек мектеп  санын көбейту керек.

Гүлмира Мамаева, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары

–  Өткен жылы да 2 мектеп салынып, 2 қосымша құрылыс берілген болатын.Биылдың өзінде де  2 мектеп және 2 қосымша құрылыс пайдалануға беріледі. Бұлар Ақтау қаласында 31 А шағынауданындағы 1200 орындық,  Мұнайлы ауданы Басқұдық елді мекенінде 600 орындық және Бейнеу ауданында Атамекен және Күйкен  мектебі жанынан әрқайсысы 312 орындық қосымша құрылыс салынып жатыр.

Бұдан бөлек, 3 нысанның құрылысы жүріп жатыр.  Ақтау қаласында тағы 2 мектеп, Мұнайлы ауданында біреу. Жалпы 2025 жылға дейін 34 мектеп салынбақ.

Авторлары: Әйгерім Ашықбаева, Саламат Бекбаев