Елордадағы балабақшада инклюзивті топтар ашылды

Елордадағы балабақшада инклюзивті топтар ашылды

Астана медициналық университеті елордалық балабақшада инклюзивті топтар ашты.

Енді оқу орнында қызмет атқаратын ақ халаттылар күнделікті осында келіп, ерекше қажеттіліктері бар бүлдіршіндерге сапалы қызмет көрсетеді. Мәселен, олардың денсаулығын логопед-дефектолог, реабилитолог, невропатолог, психолог сынды мамандар қадағалап отырады.

Айта кетерлігі, ата-аналарға бұл қызметтер үшін қосымша қаражат төлеудің қажеті жоқ. Мекемеге 2 мен 7 жас аралығындағы балалар қабылданады. Ол үшін тек арнайы комиссияның тексерісінен өткен жеткілікті.

Бақыт Көшерова, «Астана» медициналық университетінің проректоры:

- Көп бала қазіргі кезде сөйлеуі нашар, аутист, даунмен ауыратын балалар бар. Олар осындай садиктерге барса, олардың дамуы жақсарады. Белсенді болады ертеңгі күні. Қоғамда адаптациялары жақсы болады. Сол себепті осындай инклюзивті балабақша ашып отырмыз.

Сәуле Амұратова, қала тұрғыны:

- Менің баламның тілі уақытылы шықпады. Басқа бүлдіршіндерден қалып отырды. Бұл балабақшаға келгеннен бері қабілеттері айтарлықтай арта түсті. Ал енді мекемеде кәсіби дәрігерлер келсе, ұлымның денсаулығы тіптен жақсарады дегее сенімдемін.