Елімізде 7 оқу орыны Өзбекстандағы қандастарымызға тегін білім беруге дайын

Қазақстандық 7 жоғарғы оқу орыны Өзбекстандағы қандастарымызға тегін білім беруге дайын.

Таяуда университет өкілдері Ташкентте болып, жергілікті қазақтармен жүздесті. Қандастар мұндай мүмкіндікке дән риза. Өзбекстанда мектеп бітіретін жастардың көбі студент атана бермейді. Университеттерде орын жетіспеушілігі бар. Ал қазақстандық оқу орындары қандастарға тарихи Отанда білім алу мүмкіндігін тұрақты түрде ұсынып келеді. Бұдан бөлек отандастар қоры арқылы мектеп жасындағы балалар жазғы демалысын Бурабай демалыс аймағында өткізе алады. Министрлік тарапынан биыл Ташкент ғана емес, Науаи, Қарақалпақстандағы 100-ге тарта озат оқушы Ақмоланың Балдәурен және Айқанат жазғы лагерьлеріне жолдама алды.

Серікбай Үсенов, республикалық қазақ мәдени орталығының төрағасы:

- Бізде мәселен, 128-ге жақын ЖОО болса да, оқитын балалар көп. Жай азырақ. Сондықтан бұларды шетелде де оқытып жатырмыз. Мынау Қазақстаннан 7 университет келіп, жастарымызды оқуға тартып жатқанына ризамыз. Осындай барды-келдіміз жоғалмасын.