Дарынды оқушыларға 4,5 млн теңгеге дейін үстемақы төлейді

Халықаралық пәндік, мәдени және спорттық олимпиадаларда жүлделі орыннан көрінген оқушыларға 4,5 млн теңгеге дейін бір жолғы үстемақы беріледі.

Жеңімпаздар Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылып, өзі қалаған отандық ЖОО-на емтихан тапсырмай түсе алады. Олардың ұстазы мен тәлімгерлеріне де қаржылық ынталандыру көрсетіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов арнамызға берген арнайы сұхбатында айтты.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Оқу-ағарту министрі:

- Мен әдейі айтып отырмын, ҰБТ тапсырмайды деп. Мысалы, химия бойынша дарынды балалардың өздерін алайық. Менделеев атындағы үлкен халықаралық байқауда жүлделі болды, бірақ қазақ тілі мен тарихы пәндерінен әлсіз болуы мүмкін. Бірақ соңғы екі пәнге бола химия пәніндегі білімін құрбан қылмай қолдау көрсетеміз. Дәл осындай салалық дарынды балалар үшін ерекше қолдау.