Елордада Мичиган университетінің филиалы салынады

Елордада Мичиган университетінің филиалы салынады

АҚШ-тың ең үздік оқу орындарының бірі – Мичиган университетінің филиалы бас шаһарда бой көтереді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қанат қақты бастаманың бүгін алғашқы кірпіші қаланды. Екі жылдан кейін құрылыстың бірінші кезеңі аяқталады деп жоспарланған.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

– Болашақта педагогикалық мамандықтың маңызын көтеруге бағытталады, екіншіден, Қазақстандағы педагогикалық университетттің негізгі методикалық орталығы базасы болады деген үміт бар.