Шымкентте мектеп директорларын жаппай ауыстырып жатыр

Шымкентте мектеп директорлары жаппай ауыстырылып жатыр.

Жаңа оқу жылына дейін 68 педагог басқа мектепке басшы болып барады. Яғни мұндай өзгеріс қаладағы жалпы білім беру мекемелерінің тең жартысын қамтиды деген сөз.

«Тізімге іліккен директорлар бір жерде 15-20 жыл жұмыс істеген. Осынша уақытта қызметке деген ынтасы жоғалып, тіптен сыбайлас жемқорлық әрекетке баруға тәуекелділігі арттыруы мүмкін», - дейді білім басқармасындағылар.

Бір айта кетерлігі, бұған дейін Шымкентте 50 балабақша жетекшісі басқа бөбекжайға ауысқан.

Айткүл Оспанова, қалалық білім басқармасының бас маманы:

- Барлық мекеме басшыларына «30 күн ішінде» деп хабарлама берілді. 8 тамыздан бастап оларға бұйрық шығарылады және 5 жылға еңбек шарты түзіледі. Ешқандай кадрды өзімен бірге алып кетуін - сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында ротациялау комиссиясының хаттамасына нақты осы тармақты көрсетіп жаздық.