Отандық ғалымдар Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді тың әдіспен көбейтіп жатыр

Мамандар алдымен өсімдіктерді жасанды әдіс арқылы дәрумендермен, микро және макроэлементтермен байытып алады. Содан кейін көшеттерді елорда көшелеріне отырғызады.

Наргиз Бекмағанбетова: @GIZA_BEKMAGANBETOVA

- Қазақстандық ғалымдар жапырақтан, тамырдан, тіпті бір жасушаның өзінен жаңа өсімдік өсіріп шығады. Бұл әсіресе жойылып бара жатқан өсімдік түрлерін сақтап қалу үшін маңызды. Бір микроматериалдың ағашқа айналуына 2 жылдай уақыт қажет екен. 

Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары негізінен Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен ағаштарды будандастырады. Олар көбейтудің жасанды әдісін қолданса да жаңа өскіндер табиғи қасиеттерін жоғалтпайды. Ауадағы зиянды заттарды сіңіріп алады, өзге де ерекшелігін сақтап қалады.  

Ерлан Раманқұлов "Ұлттық биотехнология орталығы" РМК Бас директоры:

- Бұл Қызыл кітапқа енетін, сиреп бара жатқан өсімдіктермен жұмыс істеу үшін маңызды. Оның үстіне біз өсімдіктерді тұқымсыз өсіру тәсілдерін дамытуды бұрыннан қолға алғанбыз. Осы жағынан алып қарағанда да тиімді.

Көшеттер мен тұқымның жаңа сұрыптары бірден егілмейді. Ең алдымен макро және микроэлементтермен байытылған ортада, яғни шағын ыдыстарда жетілдіріледі. Будандастырудың ерекшелігі де осы. Өсімдік құрамындағы элементтерді бақылауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар климаттық ерекшеліктер де ескеріледі.  

Алмагүл Кәкімжанова, «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК зертханасының меңгерушісі:

- Біз ақ теректі алдық, сосын қызыл кітапқа енетін өсімдікті алдық. яблони-недвецкого, Сиверс алма ағашы мен малинск ағашыналдық. Қызғылт, әдемі гүлдейді да соны алдық. Астананың ауа райында жақсы өседі. Табиғатта өскен өсімдікті көп алып шығарамыз. бір бүршіктен бірнеше мың өсімдік шығарамыз. 

Жасыл аймаққа жыл сайын 9 миллионға жуық көшет отырғызылады екен. Олардың күтімімен 1 мыңнан астам маман айналысады.

Мұхит Рамазанов, «Жасыл аймақ» кәсіпорнының бас директоры:

- Недзвецкий, Сиверс алма ағашы алмасы мен мына ақтерек саны 2 мың ағаш отырғызылған. ол осы жерге бейімделген. оның шығындылығы 70 процентке дейін. 70 процент деген. Мына Ақмола облысында норма приживание 60 пайыз болса, бұл жақсы нәтиже. 

Қазақстандық ғалымдар осындай тың тәсілмен 3 жылдың ішінде 7 мыңға жуық ағаш егіп өсіріпті. Алдағы уақытта өсімдіктерді будандастырудың өзге де тәсілдерін қолданып, дамыту жоспарда бар.

Наргиз Бекмағанбетова, Артур Горшняков, Нұрғали Мамурбаев