«Қазақстан халқына» қоры грантпен тегін оқытады

«Қазақстан халқына» қоры «Білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы аясында гранттар мен шәкіртақыларға конкурс жариялады.

Бағдарлама 2022-2023 оқу жылында жүзеге асады. Яғни қор мемлекеттік немесе өзге де гранттарды ала алмаған, ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққандар және ата-анасыз өскен немесе мүмкіндігі шектеулі түлектердің оқу ақысын өтеп береді. Грант негізінде. Онымен қоса шәкіртақы да төленеді. Үміткерлер өз өтініштерін тамыз айының 10-17 аралығында тапсыра алады.