20-дан астам түлек ҰБТ-сыз оқуға түсетін болды

Елімізде 20-дан астам түлек Ұлттық Бірыңғай Тест тапсырмай-ақ жоғарғы оқу орынына грантқа түсу мүмкіндігіне ие болады.

Олар беделді халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов өзінің фейсбук парақшасында халықаралық пәндік олимпиадалардың аралық қорытындысын жариялады. Биыл қазақстандық оқушылар 5 пәннен 21 медаль жеңіп алған.  Ұлттық құрама қоржынында 3 алтын, 13 күміс және 5 қола медаль бар.  Бұл оқушыларға тұңғыш рет 4 жарым млн теңгеге дейін сыйақы берілмек. Министрдің мәліметінше, оқушылар математика мен физика пәндері бойынша топ жарған. Сонымен қатар география, биология, химия пәндері бойынша да халықаралық сайыстарда білгірлігін көрсеткендер бар.