Ұзынағаштан Америкаға дейін: білімді жастың жетістік жолы

Гүлзия Құрманқан математикасыз өмірін елестете алмайды. «Түсіне білген жанға өте қызық ғылым. Оның ешқандай қиындығы жоқ. Тек техникасын білсеңіз жеткілікті»,-дейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Гүлзия Құрманқан, математика пәнінің мұғалімі: 

- Қалыптасып қалған ғой математика деген күрделі сабақ. Ешкімнің басына кірмейтін құбыжық сияқты қарастырып алады ғой. Қоғамда сондай пікір бар. 1221 Негізі математика пәні оңай да. Әдіс-тәсілдерді пайдаланып оқитын болсақ ол бізге жеңіл болады.

Гүлзияның айтуынша, білімді балалар ауылда да бар. Бірақ оқушыға да, мұғалімге де халықаралық байқауға қатысуына тіл кедергі. Оған қоса дәріс беруде озық технологиялар қажет. Осылайша ол бірінші кезекте өзінің білімін көтеруге күш жұмсайды. Сөйтіп соңғы бір жарым жыл бойы онлайн курстарға қатысып, ағылшын тілін меңгеріп шығады. «Шет тілін үйренудегі ең басты қағида тұрақты уақыт бөліп, зейін салу керек»,-дейді ол

Гүлзия Құрманқан, математика пәнінің мұғалімі: 

Оқушыларыма сабақ бергеннен тыс уақыттың бәрінде ағылшынмен отыра беретінмін. Күніне бір 5-6 сағат. Аз дегенде. Соңғы 1 жарым жыл солай өтті деуге болады.  Американың мықты бір оқу орнына оқуға түсем соны оқып келгенннен кейін міндетті түрде біздің қазақтың қоғамында, әсіресе ауылдың мектептерінің балалары халықаралық деңгейдегі олимпиадаларды бағындыратын оқушыларды дайындаймын деген мақсат қойдым.

Ол мақсатына жетті. Жақында IELTS емтиханы бойынша 9 балдан 7 балл жинап, АҚШ-тың ең беделді жоғары оқу орнының бірі Оңтүстік Флорида университетінің магистратурасына оқуға түсті.

Гүлзия Құрманқан, математика пәнінің мұғалімі: 

- Американың бірнеше оқу орнын қарастырдым. 1534 Солардың ішінде ең керемет ұнағаны осы Оңтүстік Флорида университеті болды. Өйткені ол университеттің мені бір өзіне тартқаны жылына ол жерде ғылыми жобаларды зерттетуге 350-ден 600 млнға дейінгі сумма бөлінеді екен.

Гүлзия қытай тілін де жетік біледі. Орта мектепті Қытайда аяқтапты. Елге келген соң  Евразия ұлттық университетін тәмамдаған. Қазір Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылындағы мектепте математик-сарапшы. Ол келесі жылы қаңтарда АҚШ-қа білім алуға аттанады. Ендігі арманы: 

Гүлзия Құрманқан, математика пәнінің мұғалімі: 

- Бәрін жақсылап үйреніп келіп осы оқушыларыма математика сабағын бұдан да қызықты, бұдан да жақсы керемет қылып өтетін мұғалім болам деп ойлаймын.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Сержан Жұмабаев