Таразда 500 студент әнұранды шырқады

Мемлекеттік рәміздерімізге деген құрмет әлеуметтік желіде ғана емес, күнделікті өмірде де көрсетіліп жатыр.

Мәселен, Таразда 500 студент бір мезетте әнұранды шырқады. «Менің Әнұраным» іс-шарасы Республика күніне орай ұйымдастырылды. Жаңа аптаны әнұранмен бастау, университет басшылығының идеясы екен. Бастаманы жастар бірден қолдап, жүздеген студент жинала қалды. Көбінің қолында көк байрақ желбіреп тұрды. 

Бағлан Батырбеков, Тараз өңірлік университеті ақпарат және медиа коммуникация бөлімінің директоры:

- Мұнда әнұранды орындау барысында студенттеріміздің жанарынан бір патриоттық рухты еліне деген мақтанышты байқадық. Мұндағы басты мақсат әр қазақстандық елінің әнұранын бірінші әуен ретінде елінің таңбасы ретінде жүректерде болуы керек жатталуы керек.