Оңтүстік Кореяда өткен әлем чемпионатында Д. Афанасьева қола медаль алды

Дина Афанасьева WorldSkills Competition 2022 Special Edition әлем чемпионатында қола медаль иеленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Колледж түлегі «Веб-технологиялар» бағыты бойынша жоғары нәтиже көрсетті. Бұл – дүниежүзіндегі колледж студенттеріне арналған ең беделді жарыстағы Қазақстанның алғашқы медалі. Халықаралық сайыс 9-17 қазан аралығында Оңтүстік Кореяның Коян қаласында өтті. Оған 60-тан астам ел қатысты. Чемпионатта ұлттық құрама 30 бағыт бойынша бақ сынасады. 10 елдің 16 қаласында өтетін дода, 28 қарашаға дейін жалғасады.