Елде 840 мың орынға шақталған мектептер салынады

Елде мектеп тапшылығы мәселесі өткір тұр. Өңірдегі оқушылар апатты ғимаратта оқуға мәжбүр, ал кей жерде тіпті 3 ауысымдық мектептер бар. Түптің түбінде бұл білім сапасына зардабын тигізуде. Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов аталмыш олқылықтар 2026 жылға дейін түзеледі деп сендірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, осы уақыт ішінде елде 840 мың орынға шақталған білім ошақтары салынады. Сондай-ақ келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы тағы 25 пайызға көтеріледі. Одан бөлек, қазір жауаптылар мектептегі интернет мәселесін шешуді пысықтап жатыр. Оларға жақын арада біртіндеп академиялық еркіндік беруі де мүмкін.

Асхат Аймағамбетов, Оқу-ағарту министрі:

– Қазақ тілінде оқитын балалардың саны артып отыр. Мысалы, биылғы жылы бірінші сыныпқа бұл мәліметті бердік. Биыл 70 пайызға жуығы қазақ тілінде оқуды атаналары таңдап, қазақ сыныбына барып отыр. Жалпы бүгінгі күнгі көрсеткіш мемлекеттік тілде оқұитын балалар саны 70 пайызға жақындап қалды. Жылдан-жылға өсіп жатыр.