Оралда жас ұстаздар форумы өтті

Оралда алғаш рет жас ұстаздардың аймақтық форумы ұйымдастырылды. Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында өткен шараға қала мен ауыл мектептерінде еңбек етіп жүрген 130 жас ұстаз қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар педагогикалық батл, арт терапия мен шеберлік сағаттары секілді  түрлі тренингтер арқылы кəсіби біліктілігін ұштауға мүмкіндік алды. Жас мамандарға белгілі спортшылар, танымал  актерлер мен қоғам қайраткерлері дəріс оқыды. Мақсат - өз жұмысын енді ғана бастаған педагогтардың ұжымда өзін еркін ұстауына, шəкірт тәрбиесінде жаңашылдық іс-əрекеттерді молынан енгізуіне жол ашу.

Ермек Райымбек, Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының актері:

– Менің ойымша, мұндай дүниелер көбірек оздырылуы керек. Өйткені əркім өзінің қазанында пісіп жатпауы керек қой. Тәжірибе алмасуымыз керек, бір-бірімізден  сұрап білуіміз керек. Ең бірінші бұл жерде əңгіме бір-бірімізбен араласу.

Айдарбек Айтбөкешев, Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры:

– Болашақта бізде жас ұстаздардың аймақтық үлкен клубы құрылады деген ойдамыз. Бүгінгі форум шеңберінде біздер түрлі саланың мамандарын шақырдық. Жалпы жастарға сондай мотивация болатындай, өнер саласының, мына қайырымдылық саласында жүрген немесе спорт саласында жүрген.