Білім алушыларға несие берілуі мүмкін

Білім саласындағы шешімін таппай тұрған мәселелер университет қабырғаларында да жиі кездеседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ең өзектісі – жатақхана мәселесі. Студенттерді жатын орынмен қамту әзірге мүмкін болмай тұр. Осыған байланысты университеттер мен құрылыс компанияларының мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін жаңғырту жоспарланып жатыр. Сондай-ақ ҰБТ-ның тиімділігін арттыру да маңызды. Ғылым және жоғары білім министрінің мәліметінше, енді Ұлттық бірыңғай тестілеу талапкердің оқу жетістіктерімен қатар әлеуметтік жағдайын ескере отырып жетілдіріледі. Сонымен қатар жаңадан құрылған облыстар мен тұрғыны көп өңірлердің талапкерлеріне грант бөлу жалғасады. Білім алушыларға жеңілдетілген 2-3 пайыздық несие беру мүмкіндіктері де жоспарда бар.