Павлодарда оқушыларға арналған үйірме көбейіп келеді

Ертіс өңірінде оқушыларға арналған үйірме көбейіп келеді.

Бүгінде  49 мың бала мектеп жанындағы үйірмелерге қатысса, тағы 50 мыңнан астам жеткіншек спорттық секцияларға барып жүр. Биылғы оқу жылында қосымша білім берумен қамтылған оқушы саны екі мыңнан асты.  Ай-ти, робототехника, стэм-оқыту, яғни жаратылыстану ғылымдары бойынша үйірме  саны артқан. Осыдан алты жыл бұрын «Мектептегі шахмат» жобасы сәтті жүзеге асырылған еді. Қазіргі уақытта білім беру ошақтарының жанында 300-ге жуық жабдықталған кабинет бар. Ал ұлттық ойындарды дамыту мақсатында «Асық ойнайық» жобасы іске асып жатыр.

Роза Ақанова, облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

- Өткен жылы 15 жекеменшік ұйыммен қосымша білім еру жөнінде келесім-шарт жасалды. Нәтижесінде мыңнан астам оқушы үйірмелер мен секцияларға тегін бара алды. Ал биылғы оқу жылында тағы 2200 орын пайда болады. Балалар ғылыми-техникалық, туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, көркемсурет, гуманитарлық бағыттағы үйірмелерга қатысады.