Талдықорғанда тіл үйретудің заманауи әдістері талқыланды

Талдықорғанда тіл үйретудің заманауи әдістері талқыланды

Талдықорған қаласында тіл үйретудің заманауи әдістері қызу талқыланды. 

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді оқыту орталықтарының басшылары мен оқытушылары инновациялық тәсілдерді cөз етті. Шара мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Қарағанды облысында бұл бағыттағы жұмыстар кәсіптік оқыту негізінде, яғни, еліміздің денсаулық сақтау саласы мен сот жүйесінде еңбек етіп жүрген азаматтарға мемлекеттік тілді оқытып-үйретуден басталған.

«Ол қазір өз жемісін беріп жатыр», - дейді тіл оқытушы мамандар.

Алмагүл Игенова, Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы:

- Сот саласының қызметкерлері ол кісілер жұмысқа тұрғанда базалық деңгейде, орта деңгейде өзінің саласындағы сөз орамдарын, терминдерін, заңды мемлекеттік тілде білуі керек. Сондықтан да бұл оқу құралы «А 1» – базалық деңгей, қарапайым деңгей, орта деңгейге дейінгі үш деңгейлік оқу құралы аудиоқұралымен жарық көрді.