Оралда «Jasylfest» халықаралық ғылым және экология фестивалі өтті

Үш жүзден аса оқушы қатысқан шарада шетелдік жетекші спикерлер ғылыми-танымдық дәрістер оқыды.

Жас экологтар сарапшылар назарына қоршаған ортаны қорғауға бағытталған 17 жобаны ұсынды. Үздік деп танылғаны 700 000 теңге көлемінде грант иеленбек.

Мөлдір Айдынғалиева, фестиваль қатысушысы:

- Біз бүгін эко- жəне смартжылыжай жобасын ұсынғалы отырмыз. Экожылыжайдың басты өзектілігі бұл біз мұнда құлпынай өсіреміз. Мұнда табиғат ресурстары өте тиімді пайдаланылады. Күн сəулесі бізде электр жүйесін алмастырады. Сондай баламалы энергия арқылы аламыз.