Елордалық оқушы көкпарды цифрландыруды қолға алды

Ибрахим Әмірбек арнайы қосымша  мен сайтты жасап шығарды.

Арнайы жобаны 3 айда іске қосуға болады. Қазір жас өнертапқыш инвестор іздеп жүр.

Ибрахимнің атасы Тұрнияз Әбілбеков көкпар тартқан. Ол КСРО-ның жеті дүркін чемпионы. Кеңес одағы ыдырағанға дейін елдің көкпар командасы Бүкілодақтық жарыстың 9 дүркін чемпионы болды.  Көпкардың тарихын атасынан естіген Ибрахим ұлттық спортты дамыту үшін арнайы қосымша ойлап тапты. 

Ибрахим Әмірбек, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

- Кеше көкпардлы ұмытсақ, ертеңгі күні біз өзіміздің ұлтымызды ұмытуымыз мүмкін. сол қауіптен өзімізді  сақтау үшін мен көкпардың ойынның ақпараттарын  жазып алатын майкрософт аксес жәнеде жабдықтау ойлап тауып жатырмын. Ол жабдықтау ойынның қашан,кіммен болатынын, қандай жылқылар келетінін, палуандардың есмідеері, жылқылардың есемі болады. Ол жабдықтан біз көкпардың болған және болтынын біле аламыз.

Тұлпардың тұқымы және шабандоздардың жетістіктері әр қазақты қызықтырады. Елімізде 50 мыңнан астам шабандоз көкпармен айналысады екен. Олар 22 республикалық және Азия чемпионатта қатысып, бақ сынасты. Алайда, көкпар десе ішкен асын жерге қоятын жұрттың көбі ұлттық спортты көре алмайды.

 

Нұркен Байбуриев, ҚР Ұлттық ат спорты түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы:

- Бізде көкпар ойыны жайлы ақпарат табу қиын. Әсілінде ат спортындағы жетістіктерді жариялап, насихаттауымыз қажет. Әр аймақта кәсіби клубтар мен мектептер, жаңа жаттықтырушылар, әдіскерлер жұмыс істейді. Барлығы ойынды көргісі келеді.

Қосымшаны қолдану оңай. Бар болғаны қажетті санатты таңдап алсаңыз болды. Енді көкпардан кейін кем-кетік тұстарын анықтап, талдауға мүмкіндік бар.

Наргиз Бекмағанбетова, Сания Копжасарова