Мектептерде қауіпсіздік жүйесі тексеріледі

Петропавлдағы оқиғадан кейін елдегі барлық мектепте қауіпсіздік жүйесі тексеріледі.

Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылды. Оның құрамында Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті және Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының өкілдері бар.