Шымкенттік ғалымдар инновациялық жобаларын өндіріске әзірлеп жатыр
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өрік, жүзім, алма секілді кептілірген жемістерді әзірлеу технологиясы таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Нарықтағы тауардан айырмашылығы, химиялық жолмен ешқандай күкірт қышқылы қосылмайды. Шаһар билігі ғалымдарға ботаникалық бақ құру үшін арнайы жер телімін бөлді. Сапалы таза өнімнің тағы бірі қанттың орнын алмастыратын «Стевия» өсімдігінен тәттілендіргіш өнім дайындалды. Зерттеу орталығында оның қантқа қарағанда адам ағзасына еш зияны жоқ екені дәлелденді. Қатерлі ісіктің алдын алады. Сусамыр дертіне шалдыққандар шектеусіз тұтына алады. Қазір бұл ғылыми жоба зертханалық сынақтан өтіп, инвесторлардың қызығушылығына ие болып отыр.
Ұланбатыр Сүлейменов, М. Әуезов атындағы оқу ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры:
- Бүгінге шамамен 50-ден астам біз жоба орындап отырмыз. Оның 40%-і –тікелей осы өңірге бағытталған жобалар. Оның ішінде Ғылым қоры, Ғылым комитеті бөлген гранттарға қоса шетелдік гранттардың иегеріміз.