Ғалымдардың жалақысы 2 есе өсті

https://www.akorda.kz/assets/media/kz1-5432-2_mediumThumb.jpg

Қонаевта академиялық қалашықты салу жұмыстары басталды. Бұл жөнінде Президент қабылдауында болған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндады.

Сондай-ақ ведомство жетекшісі Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр елде  халықаралық университеттердің 3 өкілдігі ашылғандығын және биыл тағы 5 жаңа филиал пайда болатындығын айтты. Бұдан өзге Саясат Нұрбек студенттер мен магистранттардың стипендиясын кезең-кезеңмен өсіруді және студенттер жатақханаларында 7 жыл бойы жыл сайын жаңадан 10 мың орын ашу жоспарланып отырғандығын баяндады. Кездесу соңында Президент жоғары білім алуға қолжетімділікті арттырудың және университет инфрақұрылымын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ жуық арада ғылымды әкімшілендірудің жаңа моделіне көшу қажеттігін де айтты.

15 өңірлік және 5 педагогикалық ЖОО базасында ғылымды әкімшілендірудің жаңа моделін енгізу және академиялық басымдық орталықтарын құру мәселесі пысықталып жатыр.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Ғылым саласын қаржыландыру 3,5 есе өсті. Келесі ғылымның дамуына 3 жылда 643 млрд теңге құйылатын болады. Ғылыми қызметкерлер мен жетекші ғалымдардың жалақысы 2 есе өсті және коммерцияландыру мен қолданбалы ғылымға өте үлкен қаражат бөлінеді.