Қызылордада жаңа лицей-интернат ашылды

Наурыз мерекесі қарсаңында Қызылордада мамандандырылған жаңа мектеп лицей интернаты ашылды.

150 орындық білім ұясының пән сыныптары заманауи үлгіде жабдықталған. Мұнда оқушылар 7-сыныптан бастап арнайы білім деңгейін саралайтын емтихан арқылы қабылданады. Балалар түске дейін мектеп бағдарламасы аясында білім алса, қалған уақытта математика, ағылшын тілі пәндерін тереңдетіп оқиды. Әр ай сайын оқушылардан сынақ алынып, білім деңгейі анықталады. Мұндай мектепті сәуір айында Қармақшы ауданынан да ашу жоспарланған. Жалпы жыл соңына дейін өңірде 6 жаңа білім ұясы пайдалануға беріледі,-дейді мамандар.

Мейрамбек Шермағамбетов, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Биылғы жылы облысымызда «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасына сәйкес 10 мектептің құрылысы басталады. Жалпы 3 жылда 21 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Тиісті қаржылар бөлінген. Соның есесіне үш ауысымға қауіпі бар мектептер жойылатын болады және апатты жағдайдағы мектептер бар. Соның орнына да осы «Жайлы мектеп» жобасы бойынша орта мектептер салынады.