Петропавлдың мектептерінде қазақтың өнері салтанат құрды
Елімізде өтіп жатқан «Наурыз мейрамы» атты мерекелік шараға Солтүстік Қазақстан облысының жастары да қатысты.
Петропавлда бірнеше мектепте ұлттық өнер салтанат құрып, жырдан шашу шашылды. Яғни қазақтың қара домбырасын серік еткен өрендер, күй атасы Құрманғазының және отандық компазиторлардың күйлерін шертіп, жұртшылыққа өз өнерлерін паш етті. Осылайша кейінгі толқын көпшілікке рух берер күй өнерінің құдыретін барынша танытты.
Әлия Ғалаутдин, мектеп директорының орынбасары:
- Қазақтың ұлттық аспабы – домбыра дегеніміз ұлттық рухты көтеретін, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптейтін негізгі құндылық деп атауға да болады. Біздің мектебімізде атақты педагог Толқын Кәбиена Күдерова облысымыздың талай-талай талантты, дарынды домбрашыларды тәрбиелеп шықты. Әлі де дәріс беруде. Қазіргі таңда сахнада 42 бала сахнада отыр.