Студенттер GPA көрсеткішімен мемқызметке орналаса алады

GPA 3.33-тен жоғары студенттер аудандық және ауылдық жерлердегі төменгі мемлекеттік лауазымдарға конкурстық негізде, іріктеусіз тікелей өте алады.

Бұл тұралы МҚІА Төрағасы бүгін Астанада студенттермен кездесуде айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергілерді жою және одан шығу тәртібін жеңілдету жөніндегі тапсырма берген болатын. Осы мақсатта тиісті  заңнамаға өзгерістер енгізілді және ол наурыз айынан бастап күшіне енді. Магистратура және доктурантураға грантқа түскен студенттер  оқуларын бітіргесін бір жыл аясында аудандық және ауылдық аппаратқа орналаса алады. Сондай-ақ 1 наурыздан бастап 5 мемлекеттік органда, атап айтқанда мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде, Сауда және интеграция министрлігінде, Ақмола облысы мен Шымкент қаласының әкімдіктерінде апробация жүріп жатыр. Яғни Мемлекеттік қызмет реформалануда.

Дархан Жазықбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

- 2019 жылдан бастап Президенттік жастар кадрлар резервын қалыптастырып жатырмыз. Осыған байланысты қазір саяси қызметте, А корпуста, б корпуста басшы лауазымдарында өздерінің қызметін атқарып жатқан 260-тан астам біздің президенттік жастар кадрлық резервінің мамандары, жастарымыз бар. Қазіргі кезде мемлекеттік қызметшілердің жас мемлекеттік қызметшілердің 38% жастар. Сондықтан да қазіргі кезде жастардың саны ұлғайып келе жатыр.