Атырауда «Болашақ» түлектері кездесті

Атырауда ІІ «Bolashaq Energy Forum » өтті.

Форумға іргелі мұнай-газ компанияларының өкілдері, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, атқарушы билік өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. «Болашақ» бағдарламасы ашылғаннан бері 200 атыраулық жас шетелдерде білімдерін жетілдіріп келген. Олар мұнай-газ өнеркәсібі саласында еңбек етіп жүр. Форум аясында жоғарғы оқу орыны жанынан «Болашақ» корпоративтік қоры мен Тұрақты даму кафедрасы ашылды. Ол жастардың әлеуметтік инновацияларын қолдап, тәжірибе алмасуға көмектеседі.  

Гүлзада Шакуликова, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің  ректоры:

- Бұл бір алаңға академиялық қауымдастықты, өндірісті, мемлекеттік органдарды, бизнесті жинап, бүгінгі  талқыланатын мәселелерді ортаға салу. Пікір алмасу, эксперттік көзқарастарды айқындау. Соның мынау Атырау өңіріндегі бірінші офисын ашу. Бұл не үшін? «Болашақта» білім алып келген мамандар өздерінің таланттарымен, идеяларымен, жоспарларымен жастармен бөлісу. Әрі қарай жастарға демеу беру, жастармен  идея алмасу.