Биылдан бастап талапкер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады

Биылдан бастап барлық талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсыра алады.

Бұл жаңашылдық пандемия кезінде тәжірибе ретінде енгізілген еді. Енді бекітіліп отыр. Талапкерлер үшін бұл үлкен мүмкіндік дейді  Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев. Оның айтуынша, емтихан форматы өзгерген жоқ. Әдеттегідей, түлектер бес пән бойынша тестіден өтеді. Оның үшеуі міндетті, ал екеуі бейіндік, яғни талапкер өзі таңдайды. Тек «Қазақстан тарихы» мен «Оқу сауаттылығы» пәндері бойынша сұрақтар саны қысқартылды. Сондай-ақ ең жоғары балл – 140.

Руслан Емелбаев, Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

- 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында балалар бірінші кезекте бірінші мүмкіндіктеріне тіркеледі. Оны 16 мамыр мен 5 шілде аралығында қоямыз. Ал арасына біз шектеу қоймаймыз. Бала өзі таңдайды, тапсыратын күнін уақытын, жерін өзі тандайды. Ал енді екінші мүмкіндікке біз 7 мамыр мен 14 мамыр аралығында екінші мүмкіндікке тіркеуді ашамыз. Екі мүмкіндік берудің негізгі басты мақсаты психологиялық, моральді тұрғыдан балаларға жеңіл.