Ұлтты жою үшін білім сапасын төмендету жеткілікті – Антикор
Үш жыл ішінде 300 қылмыс.
Бұл білім ошақтарында жасалған жемқорлыққа қатысты істер. Саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіледі. Бұл туралы Антикор басшысы мен білім министрі келісті. Бірқатар облыстардағы соңғы резонанстық істер елеулі сыбайлас жемқорлық схемаларының болуын растайды, деп атап өтті агенттік өкілдері. Көбінесе қаражатты ұрлау бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру сатысында болады екен. Мысалы, Талдықорған білім бөлімінің бас бухгалтері қомақты ақшаны жымқыруды қарапайым схема бойынша жасаған деді жауаптылар. Ол ұйымның жалған қызметкерлеріне жалақы төлеп келген. Қазір аудиторлық тексеру жүргізілуде, ұрланған қаражаттың сомасы нақтыланып жатыр.
Асхат Жұмағали, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
- Ең бастысы алдын-ала жұмыстарды жүргізу қажет. Жемқорлықтың барлық салдарын болдыриайтын қадамдар жасау керек. Біз тәрбие мен білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер деп санаймыз. Ұлтты жою үшін білім сапасын төмендету жеткілікті. Бұл байланыс барлығына белгілі. Жоғарыда айталғандарды ескере отырып, ағымдағы жағдайды өзгерту бойынша кешенді шараларды әзірлеу қажет деп санаймыз.