Жетісу облысында 20 мыңнан астам баланы мектепке дайындауға көмек беріледі
Жетісу облысында 20 мыңнан аса баланы мектепке дайындау үшін материалдық көмек беріледі.
Бұл мақсатқа «Жалпыға білім беру» қорынан 800 млн теңге бөлінген. Бүгінгі күнге дейін қаражаттың тең жартысына жуығы ата-аналардың есепшотына аударылды. Енді олар өз балаларына мектеп формасын, оқу-құрал жабдықтарын алып беруі тиіс. Әлеуметтік санаттағы отбасыларына «Мектепке жол» акциясы аясында да жәрдемдесу жоспарланған. Оқу жылы қарсаңында Талдықорғанда арнайы жәрмеңке өткізіліп жатыр.
Жасұлан Қанағатов, қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
- Акцияға жыл сайын қаламыздағы банктер құрылыс компаниялары сондай-ақ, жекеменшік компаниялар мен жеке тұлғалар қатысуда. Балаларды барынша қамтуға тырысамыз.