Балабақшаларда 223 мың жаңа орын ашылады
2025 жылға дейін балабақшаларда 223 мың жаңа орын ашылады.
Ол елдегі орын тапшылығын 70 пайыз жоюға мүмкіндік береді.
Бұл жөнінде Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір елде 11 мыңнан астам балабақша жұмыс істейді. Алайда бұл жеткіліксіз. Маман оны бала санының жыл санап өсуімен байланыстырып отыр. Жоспарға сәйкес бөбекжаймен толық қамту мәселесі тек 2028 жылға қарай шешіледі.
Наталья Жұмаділдаева, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің департамент директоры:
- Балабақша кезегінде 300 мыңға жуық бала тұрғанын ескерсек, онда жаңа орындарды ашу тапшылықты жояды. Қазір бұл мақсатта бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Жыл соңына дейін 81 мың жаңа орын ашу жоспарда бар. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге көп.